27.05.2022, 16:45
Оқылды: 65

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды

Жуырда Орал қаласында 23 жастан жоғары ересектер және 1999-2004 жылы туған жастар арасында ұлттық ат спорты «Теңге ілу» мен «Жамбы атудан», 2005-20007 жылы туған жасөспірімдер арасында «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы атудан» Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

IMG-20220527-WA0166

Чемпионатқа Жәнібек ауданының спортшылары да қатысты. Аударыспақтан жасөспірімдер арасында 42 келі салмақта Рамазан Бақтығали 1-орын, Талғат Есім 2-орын алса, 48 келі салмақ дәрежесінде Нұртас Біләл мен Төренияз Тілепқабыл 3-орынға ие болды. Ал, 54 келі салмақта Ерсұлтан Шафхатов 2-орыннан көрінсе, 65 келі салмақта Жайық Жеңіс 3-орынға тұрақтады. Сонымен қатар 71 келі салмақ дәрежесінің қорытындысы бойынша Аманжан Айталиев 3-орынға ие болды. Сондай-ақ жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында теңге ілуден Нұртас Біләл, Жалын Бисембаев пен Әли Мәлік 3-орыннан көрінді. Ал, Ерболсын Мақашев 2-орынды қанжығасына байлады. Шара барысында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында жамбы атудан Рамазан Бақтығали, Мирас Берікбаев және Мержан Теміржанов 2-орын алса, Әли Мәлік 3-орынды місе тұтты.

IMG-20220527-WA0163

Сонымен қатар жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған көкпар ойынынан Жәнібек командасы 3-орыннан көрінді.

Жарысқа қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталды.

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале