Балалығын соғыс ұрлаған жандар Сырым ауданына қарасты Бұлан ауылдық округінде де тұрады.
Кеше Сырым ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Ерболат Ахметов округ әкімі Мұрат Әділгереевпен бірге осы округтегі тылда еңбек еткен қарияларын аралап, сәлем берді.
Ерлердің қызметін жасаған Халима, Ханшайым әжелер ол күндерді күрсініп еске алады, жаңа заманға шүкіршілік айтады.
Ерболат Ажмұхамбетұлы олардың өңіріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 80 жыл» мерекелік медалін тақты.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы