21.06.2021, 8:56
Оқылды: 65

Жерлес желаяқтар Алматы жартылай марафонын жеңіп алды

Таяуда Алматы жартылай марафоны өтті. Жыл сайын оздырылатын желаяқтар бәйгесі биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталмыш байрақты бәсекеде бақ сынаған бәйтеректік спортшы Жарас Айтуаров экиден, яғни командалық эстафетада жеңімпаз атанды. "Ран тайм Алматы" командасы сапында өнер көрсеткен Жарас Мұқанұлы команданың жеңіске жетуіне сүбелі үлесін қосты. Одан бөлек, эстафетаға шыққан команда сапында Жарас Айтуаровтан басқа казталовтық Баубек Ильясов, атыраулық Парасат Құлмұханов және Ақтөбе қаласынан келген Нұрысбек Сексенбай болды.

66A69D01-4557-4CB3-B934-C5E45AD8BECCКілең желаяқтан құралған 24 команданы шаң қаптырған Жарас пен оның достары марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады.

-Біраз күннен бері Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Шеберлігімізді шыңдау мақсатында жарыстарда бақ сынаймыз. Осындай жағдай жасап, толыққанды жаттығу жиындарын өткізуге мүмкіндік берген аудан әкімдігі мен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Радик Ихласовқа алғыс айтамын,- дейді Жарас Айтуаров.

Алдына үлкен мақсат қойған спортшы әрі бапкер Жарас Мұқанұлының шәкірті Наталья Панова ай соңында Кенияда өтетін әлем біріншілігіне берілер жолдамаға таласпақшы. Аудан атын әйгілеп жүрген спортшыға сәттілік серік болсын!

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале