5.06.2021, 22:02
Оқылды: 54

Жерлесіміз, айтыскер ақын Бауыржан Ширмединұлы «ASSYL DOMBYRA» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңіне жолдама алды

Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және ақын Жүрсін Ерманның 70 жылдық мерейтойына арналған «ASSYL DOMBYRA» республикалық айтысының үшінші іріктеу кезеңі өтті.

20210605_220103

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы мен «ASSYLTAS»​ қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен айтысқа жерлесіміз, ақын, Журналистер Одағының мүшесі Бауыржан Ширмединұлы қатысты.

Жеребе бойынша қызылордалық Сырым Әділбекпен жерлесіміз алғашқы жұп атанып, сөз сайысында сынға түсіп, нәтижесінде Бауыржан Ширмединұлы қазылар алқасының шешімімен Шығыс Қазақстан облысында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Бауыржанға финалда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілекшіміз!

"Сырым елі"

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале