6.04.2022, 17:30
Оқылды: 297

Жерлесіміз жүлделі оралды

 1-4 сәуір күндері аралығында Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында Қазақстан Республикасының шеберлер (ардагер) арасында дзюдодан республикалық ашық турниріне самбо күресінен Әлем чемпионаттарының екі дүркін, Қазақстан Республикасы көлемінде алты дүркін чемпионы, шыңғырлаулық Қайсар Құсайынов пен Бектас Боқаев қатысты.

41

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жеті жас ерекшелігі бойынша 250-ге жуық ардагер спортшылар бақтарын сынаған додада жерлесіміз Қайсар Құсайынов 45-49 жас ерекшелігінде 73 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленсе, 35-39 жас ерекшелігінде 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Бектас Боқаев V орынға табан тіреді.

43

Финалда қарағандылық балуаннан есе жіберіп алған Қайсар Сайынұлы енді үстіміздегі жылдың мамыр айында Қарағандыда өтетін самбо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты мен маусым айында Нұр-сұлтан қаласында өтетін дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындалатынын айтады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале