29.05.2019, 17:02
Оқылды: 25

Жетікөлде 1095 адам ауыз сумен қамтылмақ

Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева аудандық мәслихаттың депутаты Ернар Байдашевпен бірге қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Жетікөл ауылдық округіндегі Қосарал-Жетікөл ауылдарының ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстарымен танысты.

jetikol (3)

         Боқай елді мекенінен Қосарал және Жетікөл ауылдарына ауыз су жеткізу үшін жалпы ұзындығы 25 шақырым ауыз су құбыры салынбақ. Жобаның мердігері - «АйТемір - Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

jetikol (2)

         -Жаңа ауыз су құрылысы округтегі ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін қолға алынды. Құны 309 млн. теңгені құрайтын жоба арқылы 1 095 адам таза ауыз сумен қамтылмақ,- дейді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Өркен Бектенов.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

jetikol (1)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале