7.04.2024, 13:06
Оқылды: 7

Жетікөлдің жаңа әкімі кім болмақ?

Бүгін Сырым ауданы, Жетікөл ауылдық округінде әкім сайлауы басталды. Сайлау - мемлекеттік маңызы бар іс - шара. 481 сайлаушысы бар Қосаралдағы №301 сайлау учаскесі жұмысын 07:00 - де әнұранмен бастады,  сайлау халыққа барынша ыңғайлы ұйымдастырылған. Ең бірінші болып ауыл тұрғыны Армат Қажымұратов дауыс берді.

WhatsApp Image 2024-04-07 at 14.04.16

Комиссия төрағасы Бисенғали Құлбатырдың айтуынша, халық сайлаудың саяси салмағын сезінуде.

Жәшікке алғашқы болып бюллетень салғандардың бірі - Ақкенже Самихова. Қарт ана ауылдың жастарына батиқасын беріп отыр.

- Кеше су тасқыны мезетінде Жетікөл ауылдық округі де үш таңды көзбен атырды. Азаматтар жағы құм қаптап, судың ауызына бөгесін қойды. Ауылды судан алып қалды. Жаңа әкімнің де жұртқа, ісіне деген осындай жанашырлық болуы тиіс. - дейді ол.

Айта кетейік, Жетікөл ауылдық округінің әкімі лауазымына өзін - өзі ұсыну тәртібімен екі азамат кандидат болып отыр. Бірі - Қарасай Исмағұлов, екіншісі - Руслан Хайруллин.

Округ орталығы Қосаралдан 5 шақырым жердегі Жетікөл елді мекенінің тұрғындары үшін ауылдағы шағын орталықтың базасынан #298 сайлау учаскесі ашылды.

WhatsApp Image 2024-04-07 at 14.04.44

Ауылдағы малшы ағайынның бүгінгі күнгі негізгі шаруасы - сайлау. Сайлауды бақылаушы “Абырой” қоғамдық бірлестігінің өкілі Дулат Бақыттың айтуынша, сағат 11:00 - ге дейін сайлаушылардың 34% - ы дауыс берген. Айта кетейік, Жетікөлде 93 сайлаушы бар.

Жаңа әкімнің есімі күн аяғында белгілі болады.

WhatsApp Image 2024-04-07 at 14.05.05

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале