22.12.2021, 17:15
Оқылды: 38

Жол жөндеу ісі қарқынды

Өңірдегі жол – облыс көлеміндегі түйткілді мәселе. Күн тәртібінде тұрған жол түйінін шешу үшін Бәйтерек ауданының әкімдігі қызу жұмыстар атқарылуда. Әсіресе мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Дороги (1)

Биыл ауданда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Трекин, Январцев, Погодаев, Железнов,  Чиров, Макаров, Чувашкин, Октябрьское ауылдарының кіреберіс және ауылішілік жолдарына орташа және күрделі жөндеу жүргізілуде. Сондай-ақ Переметный-Белес бағытындағы жолдың құрылысы да басталды.

Қазіргі таңда Трекин, Погадаев ауылдарына кірер жол және Железнов ауылындағы кіреберіс пен ауылішілік жолдарының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сонымен қатар Январцев, Чиров, Чувашин мен Октябрьское ауылдарындағы және Переметный-Белес бағытындағы жолдар келер жылы ел игілігіне берілмек.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале