2.09.2021, 9:57
Оқылды: 0

Жолдау – болашаққа айқын бағдар

Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

 жжж

Жолдауда Мемлекет басшысы елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындай келе, алдағы сессияда депутаттар үкіметпен бірлесіп ұлттық экономика мен кәсіпкерлікті, азаматтарды әлеуметтік қолдау, сондай-ақ тәуелсіздік пен демократияны одан әрі нығайту жолында белсенді жұмыс істейтіндігін жеткізді.

Орталық Азиядағы экономикасы ең ауқымды ел саналатын Қазақстан қазір пандемияның зардабын тартуда. Осы жайды ескерген Президентіміз биылғы Жолдауын ең әуелі пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық дамуға арнауы – асқан көрегенділігінің айқын көрінісі.

Орта мерзімді экономикалық саясатымызды айқындап, мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейін дамудың ұлттық жоспарын жүзеге асыруға қазақ елі жұмыла кірісетін болады.

Еліміздің қарыштап дамуы және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту жолында Президентіміздің әрбір бастамасын қолдаймыз!

 

Нұрберген Жоламанов,

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталықтың басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале