6.09.2021, 12:20
Оқылды: 0

Жолдау ұстаздар қауымын жігерлендіре түспек

1 қыркүйек – Білім күні мересімен қатар Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялаған болатын.

 Есенгул пикир11

Президенттің Жолдауы еліміздің болашаққа бетбұрысын айқындап берді. Барлық саланың дамуы халқымыз үшін маңызды екені анық. Мемлекет басшысы Жолдауында білім саласына да кеңінен тоқталып, педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету, мектеп бітіруші түлектер үшін жоғары оқу орнына түсуге гранттар санын көбейтуді тапсырған болатын.

Мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек ұстаздар қауымын жігерлендіре түсері сөзсіз. Еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш-жігерімізді сала отырып, еңбек ету – біздің басты парызымыз.

Президент Қ.Тоқаев түйінді сөзінде «Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз», - деп ел азаматтарын адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Есенгүл Рабаева,

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале