3.09.2021, 15:09
Оқылды: 93

Жолдау жетістікке жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын ұжыммен бірге ғаламтор желісінен толықтай көрдік.

зз

Жолдауда бірнеше өзекті мәселелер қамтылды. Атап өтсек, Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.

Мемлекет басшысы Жолдаудың негізгі басымдықтарын айқындап, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру – өзінің Президент ретіндегі басты мақсаты екенін атап өтті.

Сондай-ақ бұл мақсатқа жету үшін 5 негізгі бастама айтылды.

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір шешім елдің сұранысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі қажет екенін еске салды.

«Мемлекет басшысының саясатына күмәнмен қарайтындар, жұмысын атқара алмайтындар, уақыт өткізіп босқа отыратындар мен Президенттің тапсырмаларын орындаудан жалтаратындар болса, қызмет орындарын босатулары керек. Біз қазір дамуымыздың шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас механизмдей жұмылып жұмыс істеуге міндетті. Тек сонда ғана біз мақсатымызға жете аламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Жолдау жаңа жетістерге жетелейді. Жыл сайынғы жарияланатын Президентіміздің Жолдауының арқасында ілгері дамып келеміз. Еліміздің қарыштап дамуы жолында Президентіміздің әрбір бастамасын қолдап, айтылған тапсырмалар бойынша жұмыс жасаймыз.

 

Аманжол Жұмағазиев,

Қызылоба ауылдық округінің әкімі

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале