5.09.2022, 10:16
Оқылды: 0

"Жолдау жүктеген міндеттер ауқымды"

1 қыркүйекте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отандастарымызға өзінің Жолдауын арнады. Бұл Жолдаудың өзіндік ерекшеліктері, мазмұнды тұстары болды. Солардың бірі – Мемлекет басшысының жауапкершілік алып, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімі.

7

Бұл демократиялық басқару моделіне көшуге жол ашатын бастама деп ойлаймын. Тарқатып айтар болсам, биыл елімізде конституциялық реформа қолға алынғаны белгілі. Жаңа, әділетті Қазақстан құру үшін мемлекеттік жүйені, соның ішінде мемлекет басқару ісін жаңғырту қажет. Сондықтан қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімді енгізу дұрыс бастама. Ешкім Президент билігін ұзақ жылдар бойы иемденбейді. Бұл еліміздің суперпрезиденттік биліктен толық кеткенімізді бекіте түседі. Сөйтіп Президент, Парламент, мәслихат сайлауларына қатысты көпшіліктің ойында жүрген сауалдарға елдің алдында нақты да айқын жауап берілді деп ойлаймын.

Ұлт саулығына мән беру, жастарды қолдау, ұлттық қордан балалардың шотына ақша аудару, мектепке дейінгі тәрбие – бәрі де қолдауға лайықты жайттар.

Үкіметке, Президентке тікелей бағынышты ведомстволарға, облыс әкімдеріне берген тапсырамаларының баршасы да жүзеге асарына сенім мол.

Жалпы алғанда, Жолдауда айтылғанның бәрі еліміздің саяси өміріне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, жарқын болашағына септігін тигізері анық.

Тілекбай Төлепқалиев,

Бәйтерек аудандық мәслихат аппаратының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале