16.03.2022, 18:17
Оқылды: 70

Жолдауда айтылған ойлар маңызды!

Президент Жолдауынан алған әсеріміз негізінен оң. Айтылған өзгерістердің халықтың басым бөлігіне жағатыны сөзсіз деп ойлаймын. «Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік лауазымдарды иеленуіне және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметке келуіне заңмен тиым салынады» - деген сөздері қоғам жиі талқылайтын елімізде осыған дейін орын алып келген жүгенсіздіктерді болашақта болдырмаудың амалы болады деп ойлаймын.

WhatsApp Image 2022-03-16 at 19.14.30

БАҚ туралы, әсіресе аудандық БАҚ құралдарына саяси-әлеуметтік мәселелерді батыл жазуға мүмкіндік берілетіні де қуантты. «Төртінші биліктің» өкілдері мәселені дұрыс саралап, қоғамда болып жатқан оқиғалардыайна-қатесіз жеткізуі тиіс деді.

Сайлау жүйесіндегі өзгерістер де көңілден шығады. Сонымен бірге, жаңа партияларды тіркеуді жеңілдету. Бұрынғыдай 20 мың адам емес, жақтаушы 5 мың адамның қолын жинап тіркелуге болатыны жанымызға жақты. Өйткені билік партиясы емес, халық арасынан шыққан шынайы партиялар ғана парламенттен орын ала алып, халыққа қажетті сапалы заңдар қабылдай алады деп түсінемін.

Құқық қорғау органдарын реформалау. Конституциялық соттың құрылуы да сот жүйесіндегі қателіктерді реттеуге септігін тигізетін шығар.

Бұрын біріктірілген үш облысты қайта бөлу де (Абай облысы, Жетісу облысы, Ұлытау облысы) сол өңірдің тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болғаны сөзсіз. Ол өңірдегі мәселелерді шешу үшін шалғайдағы облыс орталығына шаба бермей жергілікті жерде бір нәтижеге жетуге мүмкіндік туады ғой.

Бұл өзгерістер Жаңа Қазақстандағы өзгерістердің тек алғашқы сатылары екендігінде сөз жоқ. Әлі де қоғамдағы шешімін таппаған өзекті мәселелер де Президент тарапынан естіліп, әсіресе, тіл, руханият, ақпараттық қауіпсіздік, қорғаныс саласы бағыттарында оңтайлы өзгерістер жүргізіледі деп сенеміз.

Ғаббас Қайырғалиев,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz

                                                                                  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале