15.12.2023, 23:43
Оқылды: 35

Жұмагелді Батырниязов: Құқық бұзушылыққа жол бермеуіміз керек 

Сырым ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.

IMG_1584

Күн тәртібіндегі мәселелер Сырым ауданында құқықбұзушылық профилактикасын алдын-алу бойынша полиция бөлімінің 2023 жылғы атқарылған жұмыстарға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Амангелді Мекин тоқталып, фактілер келтірді, абаттандыру қағидаларын, инфрақұрылым объектілерін бұзу, сонымен қатар ұсақ бұзақылық, құқықбұзушылық фактілері бойынша қолданылатын шаралар және жол көлік оқиғаларын алдын алу туралы атқарылған жұмыстар жайында ауылдық округ әкімдері баяндама жасады.

IMG_1561

Ал, аудан көлемінде отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша қабылданған шаралар және аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының алдыңғы отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы ​ аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев баяндады.

Полиция қызметкерлері арасында ​сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары туралы баяндаған аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Амангелді Мекин:

- Аудандық полиция бөлімінде сыбайлас ​ жемқорлық қылмыстар орын алған жағдайда, қылмыс жасаған қызметкерлердің бұрынғы қызмет орны бойынша ашық және көшпелі сот отырыстарын өткізу практикасы қолданылып жүр. Бөлімде қызметкерлердің сыбайлас көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру жөнінде деректі және әлеуметтік бейнероликтері қызметтік жауынгерлік-даярлық сабақтарында көрсетіліп отырады. Сырым ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында Сырым АПб-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәліметтері, сонымен қатар, арнайы бөлімдердің жұмыс істеуін қамтамсыз етуі жүргізілуде, - деді.

IMG_1565

Одан бөлек, Жастар арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас тәуекелдерін, олардың пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және азайту бойынша ​ атқарылған жұмыстары туралы ауданының жастармен жұмыс жөніңдегі ресурстық орталығы басшысы Сәкен Мұса, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның алдыңғы отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлы өз кезегінде аталған сыбайлас жемқорлықпен күрес ауданда, аудан жастары арасында түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылып жатқандығын айтты.

IMG_1626

Жиын соңында аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы “аудан бойынша құқықбұзушылыққа, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек”-деп түйіндеді.

Айжан Бауыржанқызы, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале