Самбодан чемпионат өтуде
16 Қыркүйек 2021

Самбодан чемпионат өтуде

Саят – бейбіт күннің батыры
16 Қыркүйек 2021

Саят – бейбіт күннің батыры

Киберспорттан сайысқа түсті
16 Қыркүйек 2021

Киберспорттан сайысқа түсті

Мерейтой иесін құттықтады
16 Қыркүйек 2021

Мерейтой иесін құттықтады

Хан мұрасы қорғауға алынды
16 Қыркүйек 2021

Хан мұрасы қорғауға алынды

Аудан активінің жиналысы өтті
16 Қыркүйек 2021

Аудан активінің жиналысы өтті

Соңғы жаңалықтар
16 Қыркүйек
Жұмат Сәрсембиев: «Елімізде ешқашан соғыс болмасын»

 Биыл батыр бабаларымыз алып берген Ұлы Жеңіске 75 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыста қазақ елінің жауынгерлері асқан ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Соңғы деректер бойынша Қазақстаннан майданға аттанған 1 млн. 200 мың жауынгердің 600 мыңы соғыстан қайтып оралмаса, 500-ден астам жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанған екен. Оның жүзден астамы қазақ бауырларымыздың еншісінде.

16EE66CB-1295-4190-B6BF-62A5943B96E7

Біз Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында жастық шағын қан майданда өткізген, ауданымыздағы жалғыз соғыс ардагері Сәрсембиев Жұмат Сақыпұлының шаңырағында болып, еліміздегі орын алған індетке байланысты жерлестерінің шынайы құттықтауын жеткіздік. Бізді барғанда шырайлы жүзінен нұры төгілген ардагер ақсақалымыздың өзі жайдары күйде күтіп алды. Ғасырға жуық ғұмыр кешсе де, батыр бабамыз әлі тың екен. Жүрісі де ширақ. Ойын да анық жеткізе білді.

Сәрсембиев Жұмат Сақыпұлы 1923 жылы Жаңақала ауданының №8 «Байторы» ауылында дүниеге келген. Алғаш еңбек жолын 1939 жылы мал санитары болып бастаған.

40520C31-A39F-436A-99E8-4CD3353B9DA8

1942 жылдың сәуір айында Жаңақала ауданынан Қызыл әскер қатарына алынып, үш ай қысқа мерзімді даярлық курсынан өтеді. 1943 жылдың қаңтар айында №65-ші атқыштар полкы қатарын толықтырып, соғысқа аттандырылады. Содан 1943 жылы ақпан айының он үшінші жұлдызында Ростов қаласын жаудан босатуға қатысып, кейін Украина майданы сапымен №58 атқыштар дивизиясы құрамында болып, Украинаның ірі қалалары Орел-Курск, Прохоровка, Усманов қалалары мен бірнеше селоларды жау қолынан босатуға қатысады. Осы  шайқастарда жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін ерлігі ескеріліп, кеудесіне ІІІ-ші дәрежелі жауынгерлік «Даңқ орденін» қадайды.

Соғыстан кейінгі бейбіт күнде Жұмат Сақыпұлы Қазталов ауданы ішкі істер бөлімінде аймақтық инспектор, одан кейін 1945-1947 жылдары Фурманов аудандық ішкі істер бөлімінде өрт инспекциясының бастығы қызметтерін атқарды.

1962 жылдың мамыр айынан бастап Красный Партизан совхозында 14 жыл бойына ферма меңгерушсі болып, кейін сол совхозда жұмысшылар комитетінің төрағасы қызметінде абыройлы еңбек етіп, зейнеткерлік демалысқа шығады.

Жанұяда бір қыз, үш ұл өсіріп тәрбиелеген ардақты ардагер атамыз бүгінде немере-шөберелерінің, ұрпақтарының ортасында бал қызықтарға бөленіп, Жалпақтал ауылында бейбіт ғұмыр кешіп отыр.

-Соғыс – адамзат баласының қас жауы. Ол жазықсыз жандардың көз жасы мен қайғысы. Мен, бүгінгі жас ұрпағымның біз тартқан ауыртпашылық пен қиын бейнетті көрмегенін қалаймын.

9 мамыр – көптеген халықтың ұлтына, жеріне, діні мен тіліне қарамастан бірге тойлайтын ортақ мерекесі. Бүгінгі бейбіт заманда кеудесін оққа тосып, Отан үшін аянбай соғысқан біздердей ардагерлердің төл мейрамы. Біз батырларымызды мәңгілік мақтан тұтамыз. Отанға қорған болған ардагерлердің ерен еңбегі тарихта алтын әріптермен жазылды. Ерлік істер ешуақытта ұмытылмайды.

Ұлы Жеңіс мейрамы құтты болсын! Ұрпақтарыма зор денсаулық, шаңырақтарына бақ-береке, еңбектеріне мол табыс тілеймін! Елімізде ешқашан соғыс болмасын, - деп сөзін аяқтады майдангер.

 Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz