29.03.2021, 17:45
Оқылды: 56

Жұмыс қарқынды жүргізілуде

«Сырым» МКК-ы негізінен аудан халқын ауыз сумен қамту және көлік жолын күтіп ұстау жұмыстарымен айналысады. Қазіргі таңда ауылдық округ тұрғындарына ауыз су уақтылы берілуде.

C32C44C3-0B7B-401F-AB10-E46CE6725AED

Биылғы қыс созылып кетті, қардың толассыз жаууы, боран, жаяу бұрқасын күндер жиі болды. Соған қарамастан жолды уақтылы қардан тазалап, халыққа көліктің тоқтамауына жағдай жасалды.

-  Жалпы, мекемемізде 1 дана-автогрейдер, 1 дана – «МТЗ-1221», 1 дана-«МТЗ-92», 2 дана- қар күрегіш (погрузчик) тракторымыз бар. Бұларға қоса 2 дана қар күрегіш техникаға келісімшарт жасалып, Бұлдырты, Қарақұдық ауылы бағытына «МТЗ-1221» тракторына, Қазақстан ауылына «ДТ-75» тракторына келісімшарт жасалды. Бүгінгі таңда  296 км жолды күтіп ұстасақ, 16 елді мекенді ауыз сумен қамтып отырмыз,- дейді мекеменің инженері Тұрарбек Нұрғалиев.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале