15.08.2022, 17:16
Оқылды: 33

Жұмыс тобы рейдке шықты

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Орынбасарұлының 5 тамыздағы 120 санды өкіміне сай Қаратөбе ауданында тіркелмеген жолаушы тасымалдаушыларды  заңдастыру мақсатында жұмыс тобы құрылды.

6

Қызметін заңдастырылмаған түрде жүзеге асыратын көлік иелерін анықтау мақсатында  құрылған жұмыс тобы 11 тамыз күні таңда алғаш рет жол бойына рейдке шықты.

Рейд барысында  жұмыс тобының мүшелері көліктерді тоқтатып, заңсыз жолаушы тасымалдаушы 8 көлікті анықтады. Олардың  иелеріне бірінші рет ескертулер беріп, бұндай заңсыз әрекет екінші рет қайталанған жағдайда айыппұл салынатынын назарға салды.

7

Жол-көлік қауіпсіздігінің сақталуын қамту мақсатында жүргізіліп жатқан рейдтер жалғасып,  келесі күні 12 тамызда таңда жұмысшы тобы тағы жолға шығып, заңсыз жолаушы тасымалдап жүрген біраз көлік иелеріне ескертулер берді.

Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале