25.01.2023, 16:00
Оқылды: 35

Жұмыссыздық мәселесі талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтармен жиын өтті. Жиында ауданымыздағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды. 

20230125_144000_0000

Жастардың бастамасымен ұйымдастырылған жиынға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Азиз Армисов, №1 Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Жалғас Шынтас, №1 Казталов аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Салауат Байдуллин және «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Асылбек Нәсіпқалиұлы қатысты. Азиз Нұржанұлы халықтың табысын арттыру және жұмыссыздықтың алдын алу бағытындағы мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, ақпарат берсе, пробация қызметінің мамандары ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Асылбек Нәсіпқалиұлы қоғамдағы масылдық идеологиясынан арылу, қоғамдық өмірге араласу мәселесін тілге тиек етіп, ойымен бөлісті.

20230125_144000_0001

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов спикерлерге алғысын білдіріп, жиынға қатысушыларды жастар саясатына үлес қосып, аудандағы әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етуге шақырды.

Бекарыс Әбіш, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале