13.05.2022, 22:25
Оқылды: 93

Жұртшылықтың көңілінен шыққан жүздесу

Теректі ауданы Ақжайық ауылында аудандық балалар шығармашылық үйі мен Ақжайық ЖОББМ-нің ұйытқы болуымен «Жарқын жүздесу» өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген шараның бұл жолғы меймандары — акробатикалық жолда секіруден әлем чемпионы Ислам Қабдоллов, «Жанғали Нәбиуллин» атындағы төсбелгі иегері, ақын-журналист Әділет Орынбасаров, Ақжайық ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлсезім Мағзомова, дзюдодан республикалық турнирден екінші орын иегері Махамбет Мұратбеков болды.

IMG-20220513-WA0032

Жүздесудің жүргізушісі Үміткер Орынғалиев қонақтарға өмірбаяны һәм жұмыстары хақында сұрақтар қойды.

IMG-20220513-WA0092

Көпшіліктің көңілінен шыққан кеш барысында Ә.Орынбасаров, Г.Мағзомова, М.Мұратбековтер өз туындыларын оқыды. Сондай-ақ И.Қабдолловтың жетістігі баяндалатын бейнебаян жұртшылықтың назарына ұсынылды.

IMG-20220513-WA0094

Сонымен қатар Б.Әбуханов «Отан әнін» шырқаса, Д.Исмағұл, А.Айғалиевалар «Махамбеттің термесін» орындады. Бетпе-бет кездесудің соңында Ақжайық ауылдық округінің әкімі Болат Қадыралиев сөз алып, аудан әкімі атынан қонақтарға естелік сыйлық тарту етті.

IMG-20220513-WA0096

IMG-20220513-WA0034

Айшабибі Мәмет,

Теректі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале