18.08.2021, 10:53
Оқылды: 41

Жыл басынан 12 ата-ана жауапқа тартылған

Бәйтерек аудандық полиция бөлімі аудан аймағында отбасында жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Тұрмыс1

Аталған шара «қолайсыз», «маскүнем» және «нашақор» отбасыларды анықтап, оларды тұрмыстық жағдайында орын алатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға барудан сақтауға бағытталған. Сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп, профилактикалық жұмыс жүргізу ісі де бар.

«Тұрмыс» жедел профилактикалық шарасы аясында Бәйтерек аудандық полиция бөлімі арнайы жұмыс тобын құрып, іс-шараны өткізу жоспарын бекітті.

Тұрмыс

- Іс-шара аясында полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Н.Бисалиева басшылығымен өмір сүрудің қолайсыз факторының белгілері бар отбасылар тексеріліп, "М" есімді азамат кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мен күтіп-бағу жөніндегі ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша алкогольдік ішімдік пайдаланып, балаларға тиісті түрде қамқорлық жасамағаны және мінез-құлқына теріс әсер еткені үшін жауапкершілікке тартылды. Ата-ана міндетін орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.

Сондай-ақ полиция капитаны Д.Нұрлыбеков Көшім ауылының тұрғыны «Бй-ның отбасын тексеріп, профилактикалық әңгіме жүргізді. Отбасы мүшесі «А» есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша, яғни отбасы шырқын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жұмағұлов.

Жыл басынан бері «Тұрмыс» жедел профилактикалық шарасы аясында аудан аймағында 12 ата-ана түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Аружан Аманжол,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале