23.12.2021, 17:58
Оқылды: 4

Жыл үздіктері марапатталды

Жыл үздігін анықтау жыл сайынғы дәстүр. Биылда бұзылған жоқ. Бүгін жыл бойы талмай еңбек етіп, өз саласында толағай табысқа қол жеткізгендер Жәнібек аудандық мәдениет үйінде құрметке бөленді.

34

Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Азамат Сафималиев жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен қызметкерлерді марапаттап, құттықтады.

-Ауданда жас буын өкілдеріне қолдау көрсетіп, олардың мүдделерін танытатын ұйымдар жұмыс жасап келеді. Жастардың алаңсыз еңбек етуіне барлық жағдай жасалған.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығы емес, адамдарының бәсекелестік қабілетімен айқындалады» деп көрсеткен болатын. Сіздер өз салаңызда қажырлы еңбек етіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, -деді аудан әкімі өз сөзінде.

35

Кейін ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды түрлі аталым бойынша марапаттады.

«Жомарт жүрек» премиясының жеңімпаздары Жұбаныш Тұралиев −«Жыл тұлғасы», Ғ. Абдуллин атындағы орта мектептің 2011 жылғы түлектері - «Туған өлке жанашырлары», Мәулеш Дәулетов - «Жыл меценаты» болып танылды.Ердәулет Мұстақ «Үздік мемлекеттік қызметкер» аталымының дипломанты атанды.

Гүлшат Сағынғалиева − «Үздік жас ұстаз», Абзал Саматов - «Үздік тәрбие саласының қызметкері», Мирасбек Қанатов -«Үздік жас кәсіпкер», Жайнагүл Хамматова - «Үздік жас өнерпаз», Индира Орынғалиева - «Үздік жас медицина саласының қызметкері», Ерболсын Мақашев - «Үздік жас спортшы», Гүлдара Өтемісова- «Үздік кітапханашы» Динара Әнуарова- «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» аталымымен марапатталды.

Жас ұстаздар Еркебұлан Забихоллин, Айдана Саппиоллина, жас өнерпаздар Самал Мұхтарова, Жалын Бисембаев, жас кітапханашылар Арайлым Қанатова, Нұрлан Едігенов алғыс хаттарға ие болды.

Осылайша ауданның тыныс-тіршілігіне араласып, көркеюуіне септігін тигізіп жүрген қызметкерлердің ерен еңбегі бағаланып, мерейлері өсті.

Әсемгүл Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале