2.09.2021, 11:00
Оқылды: 0

Жылдың ең маңызды құжаты

Президент Жолдауы – жылдың ең маңызыды құжаты. Өйткені онда қазақстандықтардың өміріндегі ең өзекті мәселелері көтерілді.

 сс

Су пайдалануды реттеу және үнемдеу технологиясын әзірлеп, оны үнемі ынталандыру қажет екендігі Президент Жолдауында жүктелген  тапсырманың бірі.

«Мемлекет су үнемдеуге көшеді. Ауылдар түгел толық тіршілік нәрімен  қамтылады. Алдағы бес жылда мемлекет 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Әлемдегі бұл мәселе өзекті болып отырғанын ғаламтордан естіп жүрміз. Тіршілік нәріне тапшылық көп. Судың көлемі 40 пайызға азаяды деген болжам айтылып келеді. Сондықтан еліміз 126 су арнасын жаңғыртып, жаңа құбырлар салуға кірісетіндігі және суға байланысты өзге де біраз өзекті мәселелер айтылған.

Алдағы бес жылдың ішінде сапалы ауыз сумен 100 пайыз  қамтамасыз ету  бұл енді ел халқы үшін ерекше қуанышты жағдай.

Енді бір қуантарлық жай ең төмен жалақы мөлшерін алдағы жылдың басынан бастап 42500 теңгеден 60000  теңгеге өсірілетіндігі. Бұл адамдардың өмірін өзгертіп, жағдайын жақсартады деп ойлаймын.

Президент өз Жолдауында ана тіліміздің мәртебесіне үлкен көңіл бөлген.

Жолдауда басқа да көптеген өзекті мәселелердің қамтылғаны көңілге жылу ұялатады. Халықтың ертеңгі күнге деген сенімі арта түспек.

                                                                  Батырғали Тойшыбаев,

                                                                        Қаратөбе ауылының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале