6.01.2020, 10:14
Оқылды: 179

Жымпитыда Қадыр оқулары өтті

Ақын, Қазақстанның Халық Жазушысы, "Тарлан" сыйлығының иегері Қадыр Мырза Әлидің туған күнінің құрметіне ақынның туған ауылы Жымпитыда мектеп оқушылары арасында аудандық Қадыр оқулары өтті.

 syrym (2)

Ақын оқуларына қатысушылар Қадыр Мырза Әли ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сырым ауданының мектептерінен келген 74 оқушы Қадырдың өлеңдерін жатқа оқу, сөзіне жазылған әндерді орындау және ақынға өлең арнау аталымдары бойынша сынға түсті. Ерекшелігі, биыл Қадыр оқуларына мектепалды даярлық сыныбының оқушылары да қатысты.

syrym (1)

Айта кетейік, биыл Қадыр Мырза Әлидің туғанына 85 жыл толып отыр.

Бауыржан Ширмединұлы

 Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале