15.02.2023, 16:15
Оқылды: 59

Жымпитыда пластик престеледі

Сырым ауданына келген меймандар Жымпитының тарихымен қоса, тазалығын да айтып жатады. Көшелердің көрікті, ауылдың ажарлы болуына ​ еңбекқор ұжым – «EPNUR» ЖШС-ның үлкен үлесі бар.​

image-15-02-23-04-04-1
2019 жылы Жымпиты ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны «EPNUR» ЖШС-на сенімгерлік басқаруға берілді. Бүгінгі таңда полигон аумағы реттелді. Экологиялық талапқа сай көше контейнерлерінен шығатын қатты тұрмыстық қалдықтар бөлек жиналуда.
Нұржан Бисенғалиев басқаратын серіктестік «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы бойынша 4 млн 224 мың теңге грант ұтып алып, 2021 жылы пластик құтыларды престеу аппаратын іске қосты.​
InShot_20230215_160917177
"Pressmax 530" құрылғысы бір буғанда 100 келі пластик пен қатырма қағазды жапыруға қауқарлы. Престелген өнімдерді Орал қаласындағы «Грин Сервис Компани» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Қалдықтардың 1 келі бағасы 90 - 110 теңге аралығында.​
Нариман Төреғалиев жымпитылық кәсіпкердің бастамасына қолдау білдіріп, болашақта ауданның барлық ауылын қамту туралы ұсыныс айтты.
Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің айтуынша, округ орталықтарының көшелеріне контейнер қою жоспарлануда.​
image-15-02-23-04-04
Қалдықтарға "екінші өмір" сыйлайтын шағын кәсіпорын 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.​

 

Бауыржан Ширмединұлы,​
Фото: Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz​
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале