26.03.2024, 15:00
Оқылды: 65

Жымпитыда соңғы бес күн ішінде ауыл көшелерінен 5 454 шаршы метр су сорылған

Бүгіндікке Сырым аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі мен №14 өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлері, Жымпиты ауылдық округі әкімдігінің мамандары С. Датов, С. Сейфуллин, К. Меңдалиев және Ә. Молдағұлова көшелеріндегі еріген қар мен түскен жауыннан пайда болып, күрт толған су айдынын іргедегі сайлар мен каналдарға ағызып жатыр.

IMG_8575

Су жиналған күрделі аумақтың бірі - Амангелді және Б. Қаратаев көшелерінің қиылысында.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлеповтың айтуынша, көшелерде 10 мотопомпа жұмыс істеуде тұр. Соңғы бес күн ішінде ауыл көшелерінен

5 454 шаршы метр су сорылған. Бүгінгі жұмыстың да көлемі үлкен.

IMG_8574

Арнадан шыға қалған жағдайда шұғыл әрекет ету үшін Өлеңті өзенінің жағасына 100 қап құм жеткізілген.

Су сору жұмысы Қособа, Бұлдырты, Алғабас, Шолақаңқаты ауылдық округтерінде де атқарылып жатыр.

Қарғын су Аралтөбе ауылдық округі Қызылағаш ауылына баратын 9 шақырымдық жолдың үстімен жүріп кетті деген ақпарат бар. Алайда қатынаста үзіліс жоқ.

IMG_8599

Мамандармен бірге әр түрлі мекемеде қызмет ететін еріктілер де кезекшілік кесте негізінде төтенше жағдайдың алдын алуға жәрдемдесіп жүр.

IMG_8612

Су басу қаупін сезгендер 31 359 жедел желісіне немесе +7 (777) 165-36-76 ұялы телефонына хабарласа алады.

 

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале