19.08.2020, 10:11
Оқылды: 217

Жымпитыдағы «Балдырған» балабақшасында онлайн-көрме өтті

Сырым ауданы Жымпиты ауылында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай қашықтықтан «Балдырған» балабақшасы тәрбиеленушілерінің Абай атамыздың өлеңдеріне арналған көркемсурет көрмесі ұйымдастырылды.

Baldyrgan (1)

– Абай атамыз өшпес із қалдырған туындыларымен қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратқысы келген. Біз Абай мұрасымен ұрпағымызды тәрбиелеуге тиістіміз. Абай өлеңдеріне арналған көрмені сол мақсатта өткіздік. Бүлдіршіндеріміз  «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Күз», «Жаз» деген өлеңдеріне арнап суреттер салып, жұмыстары «Балдырған» балабақшасының сайтында жарияланды. Балалар суретімен бірге ақын өлеңдерін де мәнерлеп оқып, бейнеролик жасады. Онлайн-көрмені екі күнде 131 адам тамашалады, – дейді шараны ұйымдастырушы, «Балдырған» балабақшасының сурет пәні мұғалімі Венера Мұратқызы.

Baldyrgan (3)

Ақын өлеңдерін оқу шаралары әр жерде өтіп жатыр. Өлеңді суретке айналдырып тың ізденіс көрсеткен «Балдырғанның» балдырғандары жарап-ақ тұр.

 Baldyrgan (5)

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале