29.01.2025, 9:30
Оқылды: 321

Жымпитыдан шыққан генерал

Жымпиты өңірінде білім беру ісінің басталғанына 2024 жылы 130 жыл толды. Оны біреу біледі, біреу білмейді. 

Приходская школадан бастау алған білім ошағы Жымпиты орта мектебінің негізі болды. Сондықтан қазіргі Қадыр атындағы мектептің тамырын тереңнен тарқатқанымыз жөн. Осыншама тарихы бар іргелі мектеп өз тарихында талай талантты шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің түкпір - түкпіріне қанат қақтырдв. Педагогтар, медицина мамандары, әншілер, кәсіпкерлер, тағы сан алуан мамандар арасында генералдар да бар.  

WhatsApp Image 2025-01-29 at 10.24.51

Жымпитыдан шыққан тұңғыш генарал Еламанов Уәли Бисақанұлы да - осы мектептің 1970 жылғы түлегі. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары қолбасшылығының өкілі, Гвардия әуе күштерінің генерал – майоры Уәли Бисақанұлы 15 мамырда 1952 жылы Ақжайық ауданы, Бударино аулында дүниеге келген. Бірақ білім алып, жетілген шағы Жымпитыда өтті. Уәли Бисақанұлы - бар өмірін әскери қызметке арнаған жан. Алғашқы еңбек жолын сонау 1974 жылы РВВДКУ бітірген соң Қырғыз КСР дің Ош қаласында 105 - ші Гвардиялық Вена әуе-десанттық дивизиясында 111-ші Гвардиялық парашют –десанттық полкінің парашют – десанттық взводының командирі болып офицерлік қызметтен бастаған.    

WhatsApp Image 2025-01-29 at 10.24.18

Қызметінің әр жылдарында шетелдің әскери бөлімдерінде қызмет етті. Олардың қатарында ГДР-дің Котбус қаласы, Беларуссияда, тіпті Мозамбикте де әскери түрлі басшылық қызметтерде жасады.  Елдегі қызметтерінің бірі 1992 жылы ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің қарамағына келеді. Жамбыл, Семей, Алматы қалаларындағы әскери гонизондарда командир мықты қолбасшы бола білді. 2011 жылы зейнетке шықса да Л.Н.Гумилев атындағы ұлттық университетінің әскери кафедрасының басшысы болды, 2018-2023 жылдары Құрлық әскерлерінің кеңесшісі сонымен қатар қоғам қайраткері болған Уәли Бисақанұлының өмір жолы бүгінгі жас ұрпаққа патриотизмнің жарқын үлгісі іспеттес. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтармен бетпе – бет келген ағамыз 1992 – 2000 жылдары нағыз қолбасшылықты қолына алып ҚР ӘК -35ші жДШБр Гвардиясының десанттық құрамасының басқару өзегін сақтап қана қоймай, бір арнаға шоғырландырып оның нығаюы жолында ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Уақыт осы қайраткерлікті біздің генералдан талап еткендей. 

Уәли Бисақанұлы секілді мінсіз қызмет жасаған абзал ұлдардың арқасында, әскери оқу орындарының кадрлық офицерлерінің бірлескен жұмысы аса үйлесімділікпен жүзеге асқанын аса мақтанышпен еске алады бүгінде көзкөргендер. Қай уақытта да қоғамдық өмірде белсенділік танытып жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеуде өз қолтаңбасын қалдырып, көптеген жас буынды тәрбиелеп шыққан аға буын. Кейінде «Полковник Б.Т.Керімбев атындағы патриоттық дамуға жәрдемдесу орталығының» тең төрағасы бола отырып, әскери дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақстатында қоғамдық ұйымдармен, мемелекеттік мекемелермен, қарулы күштер, жауынгерлік іс- қимылдар мен жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлерінің кеңестерімен коммуникацияны дамытуға және практикалық іс – қимылға ықпал етті. Халқына қалтқысыз қызмет жасап, жас ұрпақ тәрбиелеуде қосқан үлесі үшін қандай да құрметке лайық ұлдарын туған жеріде қашанда естен шығармақ емес. 

Туған жердің әр түлегін түгендеп, жүрегіне жақын ұстап жүретін аға буын абыз ұстаз Қадыров Марат Сақыпұлы музейге бір келгенде жымпитылық генерал туралы мәліметті «Арнайы өзіңе алып келдім», деп тапсырған болатын. Бізде аманатқа қиянат жасамай, музей қорына түскен құнды дерекпен осылай бөлісуді жөн көрдік. Жымпитылықтардың осы бір жанашыр қамқор көңілдері баршамыздың бойымыздан табылғай. Әліде ұрпақтары болса хабарласып,  ағамыздың құнды жәдігерлерін музейге табыстайтын болса, нұр үстіне нұр болмақ.

Айнагүл Ойшыбай,

Сырым Датұлы атындағы тарихи – өлкетану 

музейінің меңгерушісі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале