16.08.2021, 9:49
Оқылды: 42

Жымпитылық жүйрік қыз республикаға жолдама алды

Биылғы "Ақ бидай" VII облыстық ауыл спорты ойындарында жазғы Президенттік көпсайыстан әйелдер арасында 24-34 жас ерекшелігі бойынша жымпитылық Әсем Шукатова І орын иемденді.

IMG-20210815-WA0066
- Президенттік көпсайыста спринт, гранат лақытыру, жүзу, оқ ату, төзімділікке жүгіру сияқты спорт түрлерінен сынға түстік.
Әр ауданнан "сен тұр, мен атайын" деген мықтылар жиналған бұл көпсайыстан суырылып шығып бірінші орын алып, ауданымыздың намысын қорғау мен үшін үлкен жеңіс, - дейді жүлдегер қыз.

Әсем алдағы уақытта ауданымыздың, облысымыздың намысын Ақтау қаласында өтетін республикалық кезеңде қорғайтын болады. Жымпитылық жүйрік қызға жеңіс тілейміз!

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале