28.02.2024, 17:28
Оқылды: 11

Зілтеміршілер жеңіс тұғырынан көрінді

Жуырда Бөрлі ауданында зілтемірді жатып көтеруден жасөспірімдер, ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

image-28-02-24-03-43-1

Аталмыш жарыста Казталов ауданының намысын қорғаған жас спортшылар бақ сынасып, елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орынды Бекнұр Қасым (32 келі), Азат Галимов (36 келі), Бексұлтан Сәкенов (48 келі), Мейрамбек Елемес (53 келі), Дәрмен Дәуренұлы (59 келі), Шалқар Елемес (66 келі), Ақерке Амангелді (57 келі) иеленсе, ІІІ орынды 40 келі салмақ дәрежесінде Темірхан Әмірхан иеленді.

image-28-02-24-03-43-2

Айта кету керек, Айдын Елемесов мықты спортшы ғана емес, шәкірттерін биік шыңдарға жетелеп жүрген шебер ұстаз.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале