Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.
Екі адам бұрын коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін оқшауландырылып, алынған сынама оң нәтиже көрсеткен болса, қалған екеуі Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс жасайтын 40 және 43 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғындары.
Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы "Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен қашықтық термометрия және сауалнама жүргізу кезінде бұл екі азаматтың денсаулықтарына ешқандай шағымы болмаған. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.04.2020 жылғы №32 қаулысына сәйкес, COVID-19 зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға жіберілді.
Өкінішке орай екеуінен де ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошағында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
22.04.2020 ж. жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 72 адам анықталды.
Облысымызда коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында - 72 адам, провизорлық стационарда - 25, карантиндік стационарда - 48, үй оқшаулауында - 939 адам дәрігерлер бақылауында.
zhaikpress.kz