Облыс әкімі Ғали Есқалиев жұмыс сапарымен Жаңақала ауданында болып, биыл құрылысы басталатын және күрделі өндеуден өтетін бірқатар нысандармен танысты.
Аталған ауданға қарасты Қырқопа ауылының тұрғындары да биылғы жылы таза ауыз сумен қамтылмақ. Бұл ауылдағы су құбырын жаңарту жұмыстарына 325 миллион теңге қаражат бөлінген. Жыл соңына дейін мыңға жуық тұрғыны бар ауылға 12 шақырымнан астам құбыр тартылып, сапалы ауыз су әр үйдің ауласына дейін жеткізілмек. Құрылыс жұмысы кезінде 45 ауыл тұрғыны уақытша еңбекпен қамтылса, жаңғырту аяқталған соң жеті адам тұрақты жұмысқа алынбақ. Қызылоба және Қырқопа ауылдарындағы таза су тарту жұмысын «Жаңа Консалтинг» ЖШС жүргізетін болады.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,
zhaikpress.kz