9.11.2015, 19:23
Оқылды: 24

Несие жайы сөз болды

JAnakala nesie jayi soz boldi   Жаңақала ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Орал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы арқылы 57 несие серіктестігі құрылып, 700 млн. қаржы алған.  Ағымдағы жылдың наурызынан бастап, 2017 жылға дейін жалғасатын қайтару ісі 2017 жылдың мамырына дейін жүргізілмек. Алайда, борышкерлердің бірқатары кестеге сай қимыл танытпауда. Бұл туралы 6 қараша күні «Нұр Отан» партиясының Жаңақала аудандық филиалының мәжіліс залында өткен келелі кеңесте кеңінен сөз болды. Жиынға Орал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясының заңгері Алтынбек Керешев, Жаңақала аудандық сот актілерін орындау бойынша аудандық сот орындаушысы М.Байтеміров және кәсіпкерлер қатысты.

Жиында аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Аслан Оразалиев ашып, 2012 жылы құрылған несие серіктестерінің жұмысына тоқталды. 2012 жылы бағдарламаның 2-ші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бағыты бойынша ауданда 57 несие серіктестігі құрылып, 197 мүшесімен 382, 8 млн. теңге шағын несие алған. 46 несие серіктестігі 160 адам мал шаруашылығына 295 ,8 млн. теңгеге 791 бас ірі қара мал, 4204 бас қой малын, 107 жылқы малдарын алған болатын. Әр округтегі борышкерлерді атаған Аслан Қанатұлы несиенің қайырымдылық қаржысы емес, 18-20 айға берілген қарыз ақша екенін, қарызды қайтару парыз екенін түсіндіріп, сот шешімі шыққан борышкерлердің мүліктерін көп кешікпей тәркілеуге шығатынын қатаң ескертті.

Одан кейін сөз алған Орал әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясының заңгері Алтынбек Керешев қарызды заңдық тұрғыдан қайтару жолдарын түсіндірді.

Ал аудандық сот орындаушысы М.Байтеміров қарызын қайтармаған борышкердердің барлық мүмкіндігіне шектеу қойылатынын (шетелге шығуға, жүргізіушілік құқықығынан айыру, тағы басқа) дүние-мүлкі толықтай тәркілетінін тәптіштеп түсіндірді.

Жиын соңында кәсіпкерлер өздерін толғандырған ортақ мәселелерін айтып, берешеке несие серіктестерімен жеке-жеке әңгімелесу ұйымдастырылды.

www.zhaikpres 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале