6.07.2020, 15:05
Оқылды: 153

 Әр отбасына 50 000 теңге берілді      

    ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаевтың қолдауымен Орал шаһарында тұратын он бес отбасының әрқайсысына 50 000 (елу мың) теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық шарасы жасалды.      
B4E984EC-5BAD-4BC3-AA27-95293EC33A7B

Дінбасымыздың нұсқауы бойынша, діни басқарманың 30 жылдығына орай, Орал шаһарында тұратын көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғызбасты аналардың үйлеріне арнайы барып, орталық мешіттің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы қаржыны өз қолдарына табыс етті.

 Қайырымдылық жұмыстарын жандандыру ел ішінде дағдылы үрдіске айналды.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале