12.11.2015, 15:17
Оқылды: 30

Алға бастар «Алтын асық»

Zelenov Altin asik   «Мал өсірсең - қой өсір, табысы оның көл көсір» дейтін бабамыз бұл  түлікті  бүгінгі  таңда  тұрақты  табыс  көзіне  айналдыруда.

Ауданымызда қой  шаруашылығын  дамытуға  бағытталған «Алтын асық»  бағдарламасы  аясында «Файнуллин» шаруа қожалығы « Батыс-Шаруа»  ЖШС арқылы  4,6 млн. теңгеге 175 бас қой сатып алған.

Сонымен бірге, «Керемет» шаруа қожалығы 30 млн.теңгеге Еділбай тұқымды 1200 бас  қой сатып алу үшін құжаттар жинау үстінде. Ал, «Сағынжанов» шаруа қожалығы  5,8 млн. теңгеге 240 бас қой сатып алу жоспарлап отыр.

   www.zhaikpress.kz

Самал  ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале