17.09.2020, 15:05
Оқылды: 45

Оралда әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы шара өтті

16 қыркүйекте «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы» жеке қорының ұйымдастыруымен жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жастармен екі кездесу өтті.

ерікті 1

«Жауынгер жолы» атты бірінші кездесуіміз Батыс Қазақстан «АТиСО» академиялық колледжінде өтті. Бұл кездесудің қонағы Дунько Иван Архипович болды.

Иван Дунько концлагерьге тұтқынға түскенде небәрі алты жаста болған. Сол жылдары көрген қиыншылықтары мен басынан өткізген оқиғаларымен бөлісіп, келешек ұрпақ ешқашан соғыс кормесін деген тілегін білдірді.

Екінші кездесуіміз соғыс ардагері Петр Яковлевич Авдеевтің үйінде өтті. Петр Яковлевич соғыс кезіндегі оқиғаларын еске алып, шайқаста қаза болған достарын есіне алып, көңілі босады.

Ерікті 2

Кездесу соңында келген оқушыларға алғысын айтып, өз батасын берген болатын.

Екі кездесу барысында студенттер өздерін мазалаған сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Кездесу соңында аталарымыз оқушыларға ақ батасын беріп, өз ақыл кенестерімен бөлісіп, ел болашағы білімді жастардың қоланда екендігін еске салды.

Екі шарада санитарлық режімді сақтай отырып өткізілді.

Ж.Нұржан,

волонтер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале