Казталов ауданының Жалпақтал ауылында жолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, жаяу жүргіншілерге аяқжолдар да төселуде.

Осы ретте Казталов аудандық коммуналдық шаруашылық мекемесі Жалпақтал ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражатына Қараөзен өзенінің үстімен қатынау үшін салынған екі бірдей тас көпірді (өткелді) топырақпен биіктетіп, үстін тегістеп, қайтадан пайдалануға берді.
Ел игілігі жолындағы жасалған бұл қызметке ауыл тұрғындары алғыстарын білдіруде.
Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz