4.11.2020, 20:05
Оқылды: 25

QR-код арқылы дәрілердің шекті бағасын білуге болады

Бүгін Орал қаласы бойынша дәріханалар сөрелеріндегі барлық препараттың бағасын қадағалауды күшейту мақсатында мониторинг жүргізілді.

0AE59023-A273-4A67-A6EE-66C0751B0BE9

Бұл шараға «Nur Otan» партиясының Орал қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары және «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторы және БАҚ өкілдері қатысты.

58C437A5-EE1A-4E57-902B-D7C743F3FF73

Мониторинг барысында орталық базар маңындағы және Сергей Тюленин көшесі бойындағы дәріханаларда дәрілердің бағасы тұрақты екені байқалды. Қала тұрғындары барлық дәріханада орнатылған, тұтынушыларға арналған ақпарат тақтайшасындағы QR-код арқылы дәрілердің шекті бағасын біле алады. Айта кетерлік жайт, осыдан бұрынғы рейдтік бақылау кезінде қаламыздағы 2 дәріхана дәрілердің шекті бағасынан асыра сатқаны үшін заң аясында жазаланған.

8FB394D7-FD42-463E-877F-C1D288ADAAB4

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале