20.11.2020, 9:34
Оқылды: 47

«БҚ ЭЖТК» әкімдікке берілмек

Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы облыс әкімдігінің меншігіне беріледі. Бұл туралы ақпаратты ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне сілтеме жасай отырып, KazTAG халықаралық агенттігі хабарлады.

2FD1FBFA-795F-4C2F-BA23-4641B9500F2C

«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша республикалық меншіктен «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне 100% мөлшерінде беру», – деп жарияланған ҚР Қаржы министрлігінің ресми сайтында. Қаулы жобасы «Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудің кейбір мәселелері туралы»  деп аталады. Құжатта бұл қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енетіні  көрсетілген.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале