Бүгін, 1 сәуірден бастап білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау басталды. Құжат қабылдау мерзімі 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Бірінші сыныпқа алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады және төмендегідей құжаттар тапсырылады:
- өтініш;
- жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы;
- денсаулық жағдайы туралы №063/у нысан анықтама және 026/у-3 нысан "Бала денсаулығы паспорты";
- баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Туындайтын сұрақтарға жедел жауап беру үшін облыстық білім басқармасының call-орталығы 1301, 87471127407 телефондары тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар барлық аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің call-орталықтары да жұмыс жасауда.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі