25.06.2021, 11:02
Оқылды: 33

«Сарылар» мен «қызылдар» пойызға отыра алмайды

Шілденің 1-інен бастап Орал теміржол вокзалында «Ashyq» жобасы іске қосылады. Жолаушылардың жұқпалы індетке қатысты мәртебесін QR-код немесе ЖСН бойынша тексереді. Яғни олардың сол сәтте вирус тасымалдаушысы ма, жоқ па екені анықталады. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы №27 қаулысына сәйкес, «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілер вокзалға кірмейді. Ал «жасыл/көк» мәртебесі барларға кіруге рұқсат. «Қызыл» мәртебе шыққан адамдар үйде оқшаулану режімін қатаң сақтауы қажет. Ал «сары» белгі инфекция жұқтырған  адамдармен байланысқа түскен адамдарға беріледі. Жалпы, вокзалда «Ashyq» жобасы бойынша тестілік режім 24 маусымда басталды.

938EF02C-F78F-45A9-BF2D-81ECE14317BD

Жолаушылар мен шығарып салушылар вокзалдың кіреберісіне қойылған арнайы құрылғыға өздерінің QR-кодын сканерлейді. Ал QR-код тұрғындардың телефондарындағы «Kaspi Bank» пен «Halyk Bank» қосымшаларында бар. Егер телефонда мұндай қосымшалар болмаса, тіпті смартфоны жоқ болса, вокзал қызметкерлері тұрғындардың мәртебесін ЖСН бойынша тексереді. Айта кету керек, 18 жасқа толмаған балалар тексерілмейді.

Тексеру кезінде «сары/қызыл» мәртебесі анықталған жолаушылар вокзалға кіре алмайды. Олар пайдаланылмай қалған жол жүру құжатының, яғни билетінің төлемін қайтарып ала алады. Ол үшін сол бойда WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы bilet.railways.kz сайтында көрсетілген телефон нөміріне (+7 707 270 36 64) билеттің фотосын немесе скриншотын, «Ashyq» қосымшасындағы жолаушы мәртебесінің фотосын не скриншотын, жеке басын растайтын құжаттың (паспорт/ жеке куәлік, туу туралы куәлік) фотосын жіберуі қажет. Пойыз жөнелтілген күннен бастап 6 ай ішінде вокзалдағы билет кассасына жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасымен барып, пайдаланылмаған жол жүру құжатын қайтару үшін өтініш жазады.

Бұл іс-шара елді жайлаған індетке байланысты сақтық шаралары үшін қолға алынып отыр.

Жаз мезгілі – жұртшылықтың демалысқа шығып, алыс-жақын жерлерге қыдыратын кезеңі. Балаларын жан-жаққа оқуға апарып, жолаушылар легі бір сәтке толастамайды. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының талаптарын басшылыққа алуымыз керек. Жолаушылар мен вокзалға келушілерден мәртебесін алдын ала бейтарап QR-код немесе ЖСН арқылы тексеруге кеңес береміз.

Қайырболат Ғайнеден,
Орал теміржол вокзалының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале