18 тамыз – Шекарашылар мекересіне орай Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары Жасуат ауылында орналасқан "Ақсай" шекара шебінде болып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Шекара бекетіне барған соң сапқа тізілген жастарға шекарашылардың қызмет барысында өздерімен бірге алып жүретін заттары, қару-жарақтары көрсетіліп, толық ақпарат берілді.
Одан соң шекара бекетіндегі басқа да нысандар, су көліктері, арнайы жеңіл көліктер таныстырылды.
Жастар шекарашылардың көмекшісі иісшіл, заң бұзушыны бірден танитын қырағы иттермен де жұмыс жасау тәсілдеріне де кәу болды.
Жастар шекарашы сарбаздарға алғыстарын айтып, мереке құрметіне жылы лебіздерін жеткізді.
Мейрамбек Сыдықов,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz