19.08.2021, 9:31
Оқылды: 68

Бөрлі жастары – шекарашылар шебінде

18 тамыз – Шекарашылар мекересіне орай Бөрлі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары Жасуат ауылында орналасқан "Ақсай" шекара шебінде болып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.

IMG-20210818-WA0104
Шекара бекетіне барған соң сапқа тізілген жастарға шекарашылардың қызмет барысында өздерімен бірге алып жүретін заттары, қару-жарақтары көрсетіліп, толық ақпарат берілді.

Одан соң шекара бекетіндегі басқа да нысандар, су көліктері, арнайы жеңіл көліктер таныстырылды.

IMG-20210818-WA0107

Жастар шекарашылардың көмекшісі иісшіл, заң бұзушыны бірден танитын қырағы иттермен де жұмыс жасау тәсілдеріне де кәу болды.
Жастар шекарашы сарбаздарға алғыстарын айтып, мереке құрметіне жылы лебіздерін жеткізді.
IMG-20210818-WA0106

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале