11.10.2021, 14:53
Оқылды: 34

Жаңа ойын алаңы ашылды

Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округіне қарасты Володар елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға берілді. Мемлекеттік «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша салынған су жаңа алаңның ашылуына округ әкімі М.Сейітов арнайы келді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары да түгел жиналып, қуанышты сәтті бөлісті.

4C4B9533-1779-4A90-8875-DEEB6D84E66E

-Ауыл балаларын ғана емес, барша володарлықтарды қуантуға мүмкіндік туды. Жыл санап халық саны өскен ауылға мұндай ойын алаңы керек еді. Сол себепті арнайы қаражат қарастырылып, мемлекетті бағдарлама арқылы ойын алаңы салынды. Ауылды абаттандыру ісі бұнымен тоқтап қалмайды. Барлық жұмыстар жоспарлы түрде жасалады,- деді алаңның ашылу салтанатында округ әкімі М.Сейітов.

94949048-1A1F-4612-98AE-D93AFA66544E

Елді мекен тұрғындарын қуанышқа бөлеп, ауыл балаларын серпілткен ойын орнының салтанатты ашылуына жергілікті қауымдастық кеңесінің мүшесі Х.Төлеуова да қатысты. Ауылдастары арасында үлкен беделге ие апамыз жергілікті жұрттың мұңына құлақ асып, қажетті алаң салып берген аудан, ауыл басшылығына ризашылығын білдірді.

Енді ойын алаңы володарлық бүлдіршіндердің сүйікті орнына айналады деген сенімдеміз.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале