29.02.2016, 17:14
Оқылды: 32

«Шырқа, гитара, шырқа!»

SONY DSC

  Жастарымыз адамзатқа тән ерекше бір жақсы қасиет-өзін қоршаған ортаның сұлу сырларына үңіліп, содан рухани нәр алып, ән мен күйді, өнерді құрметтесе, қандай ғанибет! Ақжайық ауданының Ілбішін ауылында осы орайда ықпалды, тәрбиелік мәні терең шараларға баса назар аударылып келеді.


Міне, қазақтың тұңғыш бард әншісі Табылды Досымовтың шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіру, өлеңнің, әннің құдіретін таныту мақсатында «Шырқа, гитара, шырқа!» атты тамаша кеш ұйымдастырылды. Көршілес ауылдардан да ән-сазды сүйетіндендер жиналған бұл шараны қаршылықтар аудандық туризм және экология орталығымен бірлесіп өткізді. Сол орталықтың бард әндер үйірмесінің жетекшісі Оксана Ефремова және оның оқушылары Табылдының «Сәйгүлік», «Биіктік», «Ақ дидарың-ай!» атты әндерін әуелетті. Сосын олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әндер орындады.

Т.Досымовтың «Жайна» әнін ақжолдық Бауыржан Рсқалиев керемет әуелетіп берді.

Бард өнері жайында кеңінен әңгімеленіп, жан-жақты мағлұмат берілді. Туризм және экология орталығының директоры Максим Үмбеталиев мұндай кештің алдағы кезде жалғасын табатынына зор сенім білдірді.

Мерген ауылынан мұғалім Құрманғазы Ақмамбетов Шәмшінің «Құстар қайтып барады» әнін, ақжолдықтар Нұрым Пендебаев «Ана туралы баллада», Айгүл Пендебаева «Луна», Ақболат Селбаев «Қайдасың», Қоблан Шаймарданов «Аттандық сапарға», Ақмарал Омарғалиева «Жан досым», Марат Ұбанов «Мен саған өкпелемеймін», Абай Исқайыров ұлы Жандоспен бірге «Әке-ана», Серік Есенов «Достарым», «Неге солай?» әндерін тамылжыта орындап, қалың көрерменнің ықыласына бөленді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале