30.11.2021, 22:06
Оқылды: 107

БҚО-да 620 адам ревакцинациядан өтті

Батыс Қазақстан облысында 620 адам ревакцинациядан өтті. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1668 адам Pfizer компаниясының Comirnaty вакцинасын алды.

D87F454C-3949-49DB-8477-22F8B61045C8

Соның 948-і – жасөспірімдер, 59-ы – жүкті, 661-і – бала емізетін әйелдер. Облыс бойынша барлығы 248 767 адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдады, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайызы.

Соның ішінде 178 130-ы «Спутник V» вакцинасын алған.

Сондай-ақ 230 317 адам (55,6 пайыз) екінші компонентті де алып үлгерді.

Басқарма мәліметіне қарағанда, өңірде пандемия басталғаннан бері 39 703, соның ішінде биыл 30 452 науқас тіркелді.

Жыл басынан бері сырқаттанған 2993 баланың 2968-і жазылып шықты. 25-і емделу үстінде.

Оқу жылы басталған 1 қыркүйектен бері 875 оқушыдан індет анықталды. Қазіргі кезде Орал қаласындағы 1 мектепте 1 сынып карантинге жабылған.

Күні бүгін облыста 291 науқас амбулаторлық, 120 адам стационарлық ем алуда. Соның ішінде жансақтау бөлімінде жатқан 10 адамның 8-і ауыр, екеуі аса ауыр халде. Инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 2, инвазивті емес құрылғыға 4, оттегі концентраторына 4 науқас қосылған.

Жыл басынан бері 668, соңғы аптада 4 адам коронавирустан көз жұмды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале