Осы мақсатта жуырда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Зеленов мектебі қабырғасында 7-8 сынып оқушылары арасында волейбол турнирі өтті.
Сынға қатысушылар өздерін жақсы жағынан көрсетіп бақты. Оқушылар спортқа бір табан жақын екендерін дәлелдеп, мектептерінің намысын жықпау үшін қызу ойын өрнегін көрсетті.
Қорытындысында егіндібұлақтық волейболшылар үшінші орынға ие болса, жергілікті Зеленов мектебі құрамасы екінші орынды еншіледі. Ал І.Есенберлин атындағы білім ордасының командасы топ жарды.
Жарыс жеңімпаздары мен ойын барысында ерекше көзге түскен үздік ойыншыларға диплом, медальдармен қатар естелік сыйлықтар табыс етілді.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz