4.12.2021, 15:40
Оқылды: 80

Жас волейболшылар жарысы өтті

Мектеп оқушылары арасында ел егемендігін ұлықтай отырып, бұқаралық спортты дамыту, жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және волейбол ойынына деген қызығушылықты арттыру мақсатында Бәйтерек ауданында түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. Турнирлерде ауданға қарасты мектептерден келген оқушылар бақ сынайды. Соның арқасында жас ойыншылардың шеберлігі шыңдалып, ойын тәжірибесі көбейеді.​

IMG-20211203-WA0049

Осы мақсатта жуырда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Зеленов мектебі қабырғасында 7-8 сынып оқушылары арасында волейбол турнирі өтті. 

IMG-20211203-WA0051
Сынға қатысушылар өздерін жақсы жағынан көрсетіп бақты. Оқушылар спортқа бір табан жақын екендерін дәлелдеп, мектептерінің намысын жықпау үшін қызу ойын өрнегін көрсетті.

IMG-20211203-WA0050

Қорытындысында егіндібұлақтық волейболшылар үшінші орынға ие болса, жергілікті Зеленов мектебі құрамасы екінші орынды еншіледі. Ал І.Есенберлин атындағы білім ордасының командасы топ жарды.

IMG-20211203-WA0052

IMG-20211203-WA0053

Жарыс жеңімпаздары мен ойын барысында ерекше көзге түскен үздік ойыншыларға диплом, медальдармен қатар естелік сыйлықтар табыс етілді.

IMG-20211203-WA0048

Назерке Сыйлыбаева,​
Бәйтерек ауданы​

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале