15.03.2016, 20:31
Оқылды: 21

«Нұр Отан» партиясының өкілдері Батыс Қазақстан облысына келді

 Nyr otan 15 наурыз  күні «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының делегациясы Батыс Қазақстан облысына арнайы сапармен келді.

Үгіт-насихат тобының мүшелері аймақтағы этномәдени бірлестіктер және үіметтік емес ұйым өкілдерімен, Мичурино және Макаров ауылының тұрғындарымен, «Кублей» ЖШС-ның ұжымымен кездесті. Сонымен қатар, өңір тұрғындарын толғандыратын мәселелермен танысу үшін сайлаушылардың үйлерін аралады.


  Батыс Қазақстан облысына республикалық сайлауалды штаб өкілдерін ҚР Парламенті Мәжілісінің V-шақырылым төрағасы Қабиболла Жақыпов бастап келді. Сондай-ақ, үгіт-насихат топ құрамында: ҚР Парламенті Мәжілісінің V-шақырылымының депутаттары Майра Айсина, Шавхат Өтемісов, «Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТБ  вице-президенті,  белгілі журналист Артур Платонов және т.б. танымал саясат және қоғам қайраткерлері бар.

Батыс Қазақстан облысы - республиканың өнеркәсіп аймағы. Облыста халық саны 637 мың адамды құрайды. Өңірде 90-нан астам ұлт өкілдері тату-тәтті, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруде. Сондықтан Республикалық сайлауалды штаб делегациясы бірінші кездесулерін осы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен өткізді. Келелі кездесу республикалық бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп, өткен жылы құрылысы аяқталған «Достық үйінде» өтті. Қазіргі күні ғимаратта Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының және 16 этномәдени бірлестіктердің кеңсесі орналасқан. Олардың басты мақсаты - көпұлтты халықтың одан әрі дамуына және бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал ету. Үгіт-насихат топ мүшелері осы бағыттарға «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында да басымдық берілгені жайлы атап өтті.

  Мичурин мен Макаров ауылының тұрғындарымен кездесуге келген Республикалық сайлауалды штаб өкілдері бірнеше жылдан бері Шаған өзенінен жаяу адам жүретін көпір салу туралы мәселенің шешілу барысын да білді. Себебі тек «Нұр Отан» партиясы қатаң бақылауға алғаннан кейін бұл мəселе оң шешімін тапқан. Көпірдің жоқтығынан Садовое және Макаров, Зеленое және Мичурин ауылдарының тұғындары облыс орталығы Орал қаласына айналма жол (12-16 км) арқылы баруға немесе басын қатерге тігіп, ескі пароммен, кейде мұз үстімен жүруге мәжбүр болған.

    «Нұр Отан» партиясының араласуының арқасында 2016 жылы көпірге бөлінетін қаржы мәселесі толық шешілген. Өзен арқылы өтетін екі өткелдің құрылысына облыс бюджетінен 91 млн. теңге бөлінген.

     «Нұр Отан» атына жылына дəл осындай мыңдаған шағымдар келіп түседі. Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмады. Біз үшін халықты алаңдатқан əр мəселе маңызды», - деді «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшесі   Шавхат Өтемісов.

Сыртқы нарыққа бейімделген аграрлық саланы дамытуда Батыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы кəсіпорындардың бірі - «Кублей» зауыты. Мұнда консервінің 100-ге жуық түрін шығарады. Өнімнің тең жартысы көрші нарықта саудаланады. 2015 жылы кәсіпорын құны 6,3 млрд. теңге болатын 8,8 мың тонна өнім өндірген. Бұл табиғи таза тауар қазіргі күні тек Қазақстанда ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінде үлкен сұранысқа ие екен. Өткен жылы кәсіпорын 555 млн. теңгені құрайтын 857 тонна азық-түлікті экспортқа шығарған.

   «Қазақстанда жасалған» ұлттық брендін дамыту бойынша мақсатты жұмыс ұйымдастырылады. Біз сонымен бірге «ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысатын компанияларды қолдайтын боламыз. Ал олар өз кезегінде өндірісті жаңғырту, шығынды төмендету мен өнімділікті арттыру бойынша тікелей міндеттемелер алады. Тек жоғары экспорттық əлеуеті бар, сыртқы жəне ішкі нарықта бəсекеге қабілетті компаниялар ғана мемлекеттік қолдауға ие болады», - деді «Нұр Отан» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшесі Тобылбек Омаров.

  Сондықтан болар, «Кублей» сияқты кәсіпорын қызметкерлері болашаққа сеніммен қарайды.

Сондай-ақ Республикалық сайлауалды үгіт-насихат топ мүшелері өңір тұрғындарын толғандыратын мәселелермен танысу үшін сайлаушылардың үйлерін аралады, деп хабарлайды саяси ұйымның баспасөз қызметі.

  www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале