«Орал өңірі» газетінің биылғы 19 қаңтар күнгі санында «Қар үйінділері қауіпті!» («Оө», №7. 19. 01. 2022) атты материал шыққан болатын. Бұл мақалада Орал қаласы көшелерінің қиылыстарына үйілген қар үйінділерінің көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жаяулардың жүріп-тұруына кедергі келтіретіндігін көтерген едік.
Тіпті, әлгіндей «географиялық нысандардың» бір-екеуінің қай көшелердің қиылыстарында «орналасқандығын» да атап көрсеткенбіз. Бірер күннің ішінде үшбу қар үйінділері арнайы техникамен жүк көліктеріне тиеліп, қала аумағынан шығарылды. Осылайша ырғақты көлік қозғалысы мен жаяулардың әрлі-берлі қауіпсіз жүріс-тұрысына кедергілер жойылды. Сол себепті газетте көтерілген мәселеге сергектік танытып, көптің көкейіндегі шаруаны жедел шешкендері үшін Орал қаласының әкімдігі мен «Жайық таза қала» ЖШС-ның басшылығына «Орал өңірінің» мың-сан оқырмандарының атынан алғыс айтамыз. Түсінген адамға осының өзі «Еститін өкімет» қағидасының өміршеңдігіне бір айқын дәлел, айшықты мысал.
Редакция алқасы
zhaikpress.kz