28.01.2022, 9:30
Оқылды: 70

«Еститін өкіметтің» бір мысалы

«Орал өңірі» газетінің биылғы 19 қаңтар күнгі санында «Қар үйінділері қауіпті!» («Оө», №7. 19. 01. 2022) атты материал шыққан болатын. Бұл мақалада Орал қаласы көшелерінің қиылыстарына үйілген қар үйінділерінің көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жаяулардың жүріп-тұруына кедергі келтіретіндігін көтерген едік. 

835227a1-edc9-4ac0-a45b-4f30f415b7ed

Тіпті, әлгіндей «географиялық нысандардың» бір-екеуінің қай көшелердің қиылыстарында «орналасқандығын» да атап көрсеткенбіз. Бірер күннің ішінде үшбу қар үйінділері арнайы техникамен жүк көліктеріне тиеліп, қала аумағынан шығарылды. Осылайша ырғақты көлік қозғалысы мен жаяулардың әрлі-берлі қауіпсіз жүріс-тұрысына кедергілер жойылды.  Сол себепті газетте көтерілген мәселеге сергектік танытып, көптің көкейіндегі  шаруаны жедел шешкендері үшін Орал қаласының әкімдігі мен «Жайық таза қала» ЖШС-ның басшылығына «Орал өңірінің» мың-сан оқырмандарының атынан алғыс айтамыз. Түсінген адамға осының өзі «Еститін өкімет» қағидасының өміршеңдігіне бір айқын дәлел, айшықты мысал.

Редакция алқасы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале